14 қыркүйектен бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018930 (MFSCb15) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне ауыстырылады
/KASE, 11.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018930 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb15; $100, $3,0 млн; 08.09.26 – 08.09.28; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталған облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналдан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша жарияланды: толығырақ
[2026-09-11]