14 қыркүйектен бастап KASE-де екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық уақытша тоқтатылады
/KASE, 11.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап KASE-де орталық контрагент қатысатын сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мына бағалы қағаздармен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды:
1) Solana ETF US92864M8221 ETF ("KASE Global" секторы, SOLZ_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 23 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2026 жылғы 25 қыркүйектен бастап қайта басталады;
2) Verizon Communications Inc. US92343V1044 жай акциялары ("KASE Global" секторы, VZ_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 09 қазанға және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2026 жылғы 12 қазаннан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" ішкі құжатының 13- тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізбені тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.
[2026-09-11]