KZ
RU
EN
11 қыркүйек 2026, 16:28
KZ
RU
EN
Кіру
10.09.2026 12:25 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 3,7 млрд юань сомасына рекордтық екі траншты "дим-сам" облигациялар шығарылымын орналастырды

/KASE, 10.09.26/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (KASE тикері – BRKZ) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) халықаралық капитал нарығында жалпы көлемі 3,7 млрд Қытай юанін құрайтын екі траншты "дим-сам" облигациялар шығарылымын сәтті орналастырды. Бағалы қағаздар Астана халықаралық биржасында (AIX) және Гонконг қор биржасында (HKSE) листингтен өтті.

Мәміле ТМД елдерінің эмитенттері арасында юаньмен шығарылған облигациялардың тарихтағы ең ірі шығарылымы болды, сондай-ақ өңір эмитенттері үшін "дим-сам" облигациялар нарығында бұрын-соңды тіркелген ең төмен пайыздық мөлшерлемеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл жылдық 2,25 % купондық мөлшерлемесі бар көлемі 2 млрд юань болатын бес жылдық транш және жылдық 2,75 % купондық мөлшерлемесі бар көлемі 1,7 млрд юань болатын 10 жылдық транш.

Орналастыру халықаралық және қазақстандық инвестициялық қоғамдастық тарапынан рекордтық қызығушылық тудырды. Өтінім жинау қорытындысы бойынша жиынтық сұраныс 25 млрд юаньнан асты. Инвесторлардың жоғары сұранысы ҚДБ-ға бастапқы бағдарларға қатысты баға белгілеуді 50– 55 базистік тармаққа жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Банк толық кірістілік қисығын (3, 5 және 10 жыл) қалыптастырып, Орталық Азиядағы CNH эмитенттері арасында ең төмен купонға қол жеткізді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылған: толығырақ

[2026-09-10]