KZ
RU
EN
28 қыркүйек 2026, 06:19
KZ
RU
EN
Кіру
09.09.2026 15:28 #KASE жаңалықтары

KASE акциялардың исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі бойынша сыртқы скрининг нәтижеcін жариялай бастады

/KASE, 09.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 09 қыркүйектен бастап KASE интернет-ресурсында акциялардың исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі бойынша сыртқы скрининг нәтижеcі жарияланатынын хабарлайды.

Ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: толығырақ

Скринингті Ailat финтех-экожүйесі жүргізеді және ол ЖИ қолдана отырып көрсеткіштерді автоматты түрде есептеуді, сарапшылардың верификациялауын және AAOIFI (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions) стандарттарына сәйкес Шариғаттық қадағалау кеңесінің қорытындысын қамтиды.

Жаңа сервис исламдық қаржыландыру құралдарына қызығушылық танытатын инвесторлар үшін ақпараттық мүмкіндіктерді кеңейтіп, нарықтың ашықтығын арттырады.

Скрининг нәтижеcі анықтамалық сипатта және инвестициялық ұсыным, кірістілік кепілдігі немесе KASE тарапынан сәйкестікті дербес растау болып табылмайды.

[2026-09-09]