09 қыркүйектен бастап KASE-де "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00016512 (CLSGb12) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 09.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 09 қыркүйектен бастап KASE-де "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның KZ2P00016512 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb12; 1 000 KZT, 5,0 млрд KZT; 01.09.26 – 01.09.29; тоқсандық купон, жылдық 22,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша жарияланды: толығырақ
[2026-09-09]