"Қазақстан Халық Банкі" АҚ S&P Global Ratings агенттігінің банктің рейтингтерін растағанын хабарлады, болжам "Позитивті" болып өзгертілді
/KASE, 08.09.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) төмендегіні хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылғы 04 қыркүйекте S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі эмитент Halyk Bank ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" қайта қарады, бұл ретте "BBB- /A-3" деңгейіндегі рейтингін, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша "kzAAA" рейтингін растады.
S&P агенттігі Қазақстандағы банктік реттеу және қадағалау жүйесінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын атап өтеді, бұл жинақталған елеулі капиталмен және егемен үкіметтің кредит төлеу қабілетінің жақсаруымен ұштаса отырып, Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға және кредиттік әрі экономикалық циклдерден неғұрлым тиімді өтуге ықпал ететін болады. Осы рейтингтік іс-қимыл аясында S&P Global Ratings банк секторының елдік және салалық тәуекелдерін бағалау (BICRA) шеңберінде салалық тәуекел бағасын "7"- ден "6"-ға дейін көтерді; салалық тәуекелдің даму үрдісі – тұрақты.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының егемен рейтингінің "BBB/A-2" деңгейіне дейін көтерілуінен кейін (2026 жылғы 21 тамыз) қабылданды, бұл тұрақты экономикалық өсім мен фискалдық шоғырлануды көрсетеді. Агенттіктің бағалауы бойынша инфляцияның біртіндеп баяулауы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) базалық мөлшерлемені төмендетуі және тұрақты экономикалық өсім Қазақстанның банк секторы тап болатын экономикалық тәуекелдің төмендеуіне ықпал ететін болады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
[2026-09-08]