KZ
RU
EN
8 қыркүйек 2026, 17:14
KZ
RU
EN
Кіру
08.09.2026 15:25 #Сауда-саттық ақпараты

08 қыркүйекте KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін KZK200000737 (MOM060_0054) МЕОКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 08.09.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу 2026 жылғы 10 қыркүйекте жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZK200000737 (MOM060_0054) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 36 487 511 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 99,3555 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,90 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 99,3819 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 15,87 %).

Орналастыру нәтижеcі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 1,2 жыл болатын KZK200000737 (MOM060_0054) МЕОКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізіледі" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды: толығырақ

[2026-09-08]