08 қыркүйекте KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін KZKD00001319 (MUM072_0016) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 08.09.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу 2026 жылғы 10 қыркүйекте жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKD00001319 (MUM072_0016) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 64 892 769 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 102,9198 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 14,30 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 102,9452 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 14,29 %).
Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 5,4 жыл болатын KZKD00001319 (MUM072_0016) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізіледі" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды: толығырақ
[2026-09-08]