08 қыркүйекте KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін KZKD00000857 (MUM300_0003) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 08.09.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу 2026 жылғы 10 қыркүйекте жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKD00000857 (MUM300_0003) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 57 000 000 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 66,7604 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 13,95 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 66,7905 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 13,94 %).
Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 13,5 жыл болатын KZKD00000857 (MUM300_0003) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізіледі" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды: толығырақ
[2026-09-08]