08 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Broadcom Inc. US11135F1012 (AVGO_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 07.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 08 қыркүйегінен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдері, есеп айырысу күні 2026 жылдың 21 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Broadcom Inc US11135F1012 ("KASE Global" секторы, AVGO_KZ) жай акцияларымен репо операциялары бойынша KASE-де сауда-саттық тоқтатыл тұратынын хабарлайды.
Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2026 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE- де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді бекіту туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-09-07]