KZ
RU
EN
4 қыркүйек 2026, 11:59
KZ
RU
EN
Кіру
03.09.2026 18:11 #Қаржы құралдары

03 қыркүйектен бастап "BI Property" ЖШС KZ2P00019342 (BIPGb1) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 03.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 03 қыркүйегінде "BI Property" ЖШС (Астана) KZ2P00019342 (BIPGb1; 1 000 KZT, 1,5 млрд KZT; 2 жыл; тоқсандық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 03 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 30 шілдесінде тіркелген 5,0 млрд KZT сомасына "BI Property" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"BI Property" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

"BI Property" ЖШС қызметінің негізгі түрі-жеке немесе жалға алынған бизнес- орталықты, кеңсе үй-жайларын, әкімшілік ғимаратты жалдау (қосалқы жалдау) және басқару.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-03]