KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының тамыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады
/KASE, 03.09.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың тамыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірлері келтірілген:
"Қазақстанның қызмет көрсету саласы жылдың екінші жартысының басында өсім аймағында сақталды. Дегенмен жаңа тапсырыстар легінің бәсеңдеуі іскери белсенділіктің баяу өсуіне ықпал етіп, сектор өткен аймен салыстырғанда біраз қарқынын жоғалтты. Негізгі деректер өсім жағынан жылжымайтын мүлік компаниялары әлі көш басында екенін көрсетті. Сондай-ақ фирмалар жұмыс күшін ұлғайтуға әлі де асығар емес, жұмысқа белсенді қабылдау үшін, айтарлықтай қарқынды өсім мен келер жылға деген сенім жоғары болуы қажет екенін көрсетті. Дегенмен баға қысымының бәсеңдеуі, сондай-ақ кейбір фирмалардың жеңілдіктер мен акциялар ұсынуы салдарынан қызмет құнының аздап көтерілуі секторға қарқынды сақтап, әрі оны бұдан ары күшейтуіне көмектесуі мүмкін ".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2026-09-03]