31 тамыздан бастап Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізілді
/KACC, 02.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 28 тамызындағы шешімімен "Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) KACC ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулер "Әбу-Даби бағалы қағаздар биржасы" ЖАҚ (ADX), Қазақстан қор биржасы (KASE) және Клирингілік орталық арасында жасалған электрондық сауда-саттық жүйесі (TABADUL HUB) арқылы брокерлік компаниялардың қашықтан қолжетімділігі туралы келісімге қосымша келісім жасасуға қатысты нормаларды қоспағанда, 2026 жылдың 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді қосымша келісім жасалған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түзетулер мыналарды көздейді:
- сауда-саттық ортасы ретінде қызмет көрсетілетін базарлар мен сауда- саттық алаңдарының, eBonds тізбесін қамтитын, Ережелердің 1 қосымшасын толықтыру;
- ішінара қамтамасыз ету шарттарында клирингілік қызмет көрсетуді жүзеге асыруды қарастыратын электрондық сауда-саттық жүйесіне қатысушыларға клирингілік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін нақтылау;
- валюта нарығымен қатар Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілмеген қаржы құралдарын қамтамасыз ету ретінде пайдаланудың қолданыстағы механизмін қор нарығына тарату;
- Ережелерде қарастырылған қызмет көрсетілетін нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды KASE ішкі құжатымен ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы тәртібін белгілеуді көздейтін мүліктік пулдың шоттарын қоса алғанда, сауда және клирингтік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін біріздендіру;
- Ережелердің жекелеген нормаларын нақтылауға бағытталған редакциялық және техникалық өзгерістер енгізу.
Ережелердің жаңартылған мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернет- ресурсында жарияланады толығырақ ("Клиринг" қалташасы).
[2026-09-02]