KZ
RU
EN
3 қыркүйек 2026, 22:50
KZ
RU
EN
Кіру
02.09.2026 18:08 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

31 тамыздан бастап Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға түзетулер қолданысқа енгізілді

/KACC, 02.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 28 тамызындағы шешімімен KACC "Клирингілік қатысушылар туралы қағида" (Қағида) атты ішкі құжатына № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер "Әбу-Даби бағалы қағаздар биржасы" ЖАҚ (ADX), Қазақстан қор биржасы (KASE) және Клирингілік орталық арасында жасалған электрондық сауда-саттық жүйесі (TABADUL HUB) арқылы брокерлік компаниялардың қашықтан қолжетімділігі туралы келісімге қосымша келісім жасасуға қатысты нормаларды қоспағанда, 2026 жылдың 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді қосымша келісім жасалған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша келісім шеңберіндегі түзетулерге сәйкес электрондық сауда- саттық жүйесіне қатысушыларға клирингілік қызмет көрсету "ішінара қамтамасыз ету" шарттарында жүзеге асырылатын болады, қазіргі уақытта электрондық сауда-саттық жүйесіне қатысушылар сауда-саттық лимиті шегінде "қамтамасыз етусіз" санатына жатқызылады.

Бұдан басқа, клирингілік қатысушыларға кандидат ұсынатын құжаттардың тізбесі белгіленген талаптарға сәйкес келтірілген және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын лицензияны немесе өзге құжатты ұсынуды көздейді.

Қағиданың жаңартылған мәтіні сілтеме бойынша KACC интернет- ресурсында жарияланады толығырақ ("Клиринг" қалташасы).

[2026-09-02]