KZ
RU
EN
3 қыркүйек 2026, 13:49
KZ
RU
EN
Кіру
02.09.2026 10:32 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың тамыз айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 02.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолуды ұсынады.

2026 жылдың тамыз айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 72 эмитенттің 85 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 50,2 трлн KZT ($108,1 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 2,5 трлн KZT немесе 5,3 %-ға жоғары.

-------------------------------------------------------------
                          31 тамыз   31 шілде
                              2026       2026        Δ   Δ, %
----------------------- ---------- ---------- -------- ------
Капитализация, млрд KZT  50 242,01  47 716,81 +2 525,2   +5,3
Капитализация, млн USD  108 100,81 100 534,75 +7 566,1   +7,5
-------------------------------------------------------------

2026 жылдың тамыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі 24,3 млрд KZT құрап, шілденің қатысты 22,6 %-ға немесе 4,5 млрд KZT өсе отырып. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,2 млрд KZT, мәмілелердің орташа күндік саны – 9 034, бір мәміленің орташа көлемі – 128,2 мың KZT құрады. тамызда акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан ең белсенді жеке тұлғалар болды, олардың үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 59,3 %-ы тиесілі болды, банктердің үлесіне – 0,0 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 18,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 1,2 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 20,9 %. Бейрезиденттердің үлесі 6,6 % құрады.

KASE Индексінің мәні тамыз айында 4,02 % артты, айдың соңына қарай 8 121,46 тармақты құрады.

2026 жылдың тамыз айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 21,3 млрд KZT құрады, бұл шілденің айындағы көрсеткіштен 2,6 млрд KZT жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі – 7,3 млрд KZT (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 34,3 %) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына келді.

-------------------------------------------------------------------------------------------
                            Соңғы мәміленің бағасы,    Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
                                    бір акцияға KZT                 млн KZT        млрд KZT
         Free ------------------------------------- ----------------------- ---------------
       float,                            с 01.01.26
            %   31 тамыз  31 шілде  Δ, %       Δ, %    тамыз    шілде  Δ, %        31.08.26
------ ------ ---------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- ---------------
KSPI     37,9  48 508,08 41 802,38 +16,0      +20,1  2 326,3    920,0  x2,5         9 218,7
KZAP     25,0  34 586,98 31 873,99  +8,5      +23,3  3 617,6  2 772,2 +30,5         8 957,7
KZTO     10,0   1 194,06  1 121,00  +6,5      +25,7  1 303,4  1 628,1 -19,9           460,7
KZTK      8,7  44 828,60 43 071,30  +4,1       +3,3    982,7  1 323,1 -25,7           488,1
KEGC     15,0   1 473,87  1 441,00  +2,3       -5,2  1 631,9    287,4  x5,7           403,9
AIRA     58,8     707,01    695,57  +1,6      -22,3    509,5  1 255,3 -59,4           251,4
KMGZ     12,2  35 264,99 34 772,00  +1,4      +62,4    733,2  1 440,1 -49,1        21 447,9
HSBK     38,1     387,91    383,44  +1,2       +4,4  7 338,5  5 065,0 +44,9         4 238,5
CCBN     36,3   4 818,92  4 801,10  +0,4       +3,4  1 120,0  3 222,6 -65,2           848,0
KCEL     34,1   3 165,64  3 215,02  -1,5       -6,4  1 711,1    779,3  x2,2           634,2
Индекс      –   8 121,46  7 807,55  +4,0      +15,5 21 274,2 18 693,0 +13,8               –
KASE
-------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияның капитализациясы

[2026-09-02]