01 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 қыркүйегінде болатын МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 01.09.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 03 қыркүйегніде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 6 282 090 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 99,2916 % (кірістілік – жылдық 15,95 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 қыркүйегінде болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,2 жыл МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды ссылке толығырақ
[2026-09-01]