"Teniz Capital Investment Banking" АҚ Басқарма төрағасы болып Талғат Салихов тағайындалды
/KASE, 01.09.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ Директорлар кеңесі Талғат Мақсұтұлы Салиховты 2026 жылғы 01 қыркүйектен бастап Банк Басқармасының Төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Талғат Салихов тәуелсіз директор, "Teniz Capital Investment Banking" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай- ақ Стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы болып жұмыс істеді.
Талғат Салиховтың Инвестициялық банкинг, Корпоративтік қаржы, тікелей инвестициялар және инвестициялық активтерді басқаруда 12 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін "Teniz Capital Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ Басқарма мүшесі әрі қаржылық консалтинг және инвестициялық банкинг бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған. Кәсіби еңбек жолын PwC-де компаниясында бастап, онда Қазақстан мен Ресейдегі Корпоративтік қаржы жобаларына қатысты.University jf Nottinghamуниверситетін "Азаматтық құрылыс" бакалавры және Imperial College London университетін "Көлік және бизнес менеджменті" магистрі дәрежесімен тамамдаған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-09-01]