01 қыркүйектен бастап "СЕНІМ-VMY "Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00019086 (MFSMpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 01.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 31 тамызында "СЕНІМ-VMY "Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00019086 (MFSMpp1; 500 000 KZT, 500,0 млн KZT; 36 ай; тоқсандық купон, жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 01 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-09-01]