KZ
RU
EN
1 қыркүйек 2026, 11:44
KZ
RU
EN
Кіру
31.08.2026 11:48 #Индекстер мен индикаторлар

01 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE_KZ3BUP* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ ТОҒЫЗ АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 31.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_KZ3BUP сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады*:

1) KZ2C00011211 (BTRKb11) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

2) KZ2C00007060 (BTRKb5) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

3) KZ2C00007383 (BTRKb7) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

4) KZ2C00008332 (BTRKb8) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

5) KZ2C00010304 (BTRKb9) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

6) KZ2C00007862 (KAFIb11) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;

7) KZ2C00008514 (KAFIb12) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;

8) KZ2C00009843 (KAFIb13) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;

9) KZ2C00002319 (SKKZb11) "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ.

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KZT номинацияланған халықаралық кредиттік рейтингі BBB-ден төмен емес корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды.

Көрсетілген облигациялардан KASE_KZ3BUP* индекстер сериясы мыналарды қамтиды:

  • KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
  • KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;
  • KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
  • индекстің дюрациясы,жылдармен.

Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ (закладка "Методики").

[2026-08-31]