30 қыркүйекте "KMF Банк"АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
/KASE, 31.08.26/ – "KMF Банк" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2026 жылдың 30 қыркүйегінде қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2) қоғамның корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы туралы қағиданы жаңа редакцияда бекіту туралы;
4) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы жаңа редакцияда бекіту туралы;
5) 2026 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қоғам бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
6) қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату;
7) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау;
8) CAPEX бекітілген бюджет қаражатын қайта бөлу тәртібін бекіту туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2026-08-31]