KZ
RU
EN
1 қыркүйек 2026, 11:44
KZ
RU
EN
Кіру
31.08.2026 11:29 #Индекстер мен индикаторлар

01 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE_US3BUP* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ ӨЗГЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ 13 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 31.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_US3BUP* сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді анықтады:

1) XS2337670694 (BRKZe12) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;

2) XS2800066297 (BRKZe14) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;

3) XS2917067204 (BRKZe16) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;

4) XS3032932645 (BRKZe18) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;

5) XS3204113354 (BRKZe22) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;

6) XS3067899610 (BTRKe1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

7) XS3189694345 (BTRKe2) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ;

8) XS1595713782 (KMGZe11) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;

9) XS1595714087 (KMGZe12) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;

10) XS1807300105 (KMGZe14) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;

11) XS1807299331 (KMGZe15) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;

12) XS2242422397 (KMGZe16) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;

13) XS2399149694 (SKKZe1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ.

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE АҚШ долларымен номиналданған халықаралық кредиттік рейтингі BBB- төмен емес корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды.

Көрсетілген облигациялардан KASE_US3BUP* индекс сериясы мыналарды қамтиды:

  • KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
  • KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;
  • KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
  • индекстің дюрациясы, жылдармен.

Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).

[2026-08-31]