KZ
RU
EN
31 тамыз 2026, 17:00
KZ
RU
EN
Кіру
28.08.2026 16:55 #Қаржы құралдары

31 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3329272481 (BTRKe4) және XS3329277019 (BTRKe5) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 28.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 31 тамызынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

1) XS3329272481 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, BTRKe4; 150,0 млрд KZT, 02.04.26 – 02.04.29, жарты жылдық купон, жылдық 16,95 %; 30/360);

2) XS3329277019 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, BTRKe5; 100,0 млрд KZT, 02.04.26 – 02.04.31, жарты жылдық купон, жылдық 16,95 %; 30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-08-28]