KZ
RU
EN
1 қыркүйек 2026, 11:44
KZ
RU
EN
Кіру
28.08.2026 15:58 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 28.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың ішінен 2026 жылдың қыркүйек айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылғы 23 тамызындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылғы 01 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін қолданыста болатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне 95 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың тамыз айына жасалған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар енгізілді:

1) Space Exploration Technologies Corp.S84615Q1031 (сектор "KASE Global", SPCX_KZ) жай акциялары;

2) iShares Bitcoin Trust ETF US46438F1012 ("KASE Global" секторы, IBIT_KZ) ETF;

3) "Баян Сұлу" АҚ KZ1C00000165 (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, BSUL) жай акциялары;

4) "Alatau City Invest"АҚ басқаруындағы "Allem" ИИПҚ KZPF00000140 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов", FHJIpc) пайлары;

5) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары;

6) Caterpillar US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акциялары;

7) ExxonMobil Holdings Corporation US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары;

8) QUALCOMM Inc. US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акциялары;

9) "Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ KZ1C00001288 (KASE баламалы алаңы,"акциялар" секторы, AKZM) ай акциялары;

10) iShares Ethereum Trust ETF US46438R1059 ("KASE Global" секторы, ETHA_KZ) ETF;

11) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA"ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;

12) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Сентрас - жаһандық нарықтар" ИИПҚ KZPF00000033 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECgm) пайлары.

2026 жылдың тамыз айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен төмендегілер шықты:

1) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "harMONEY" ИИПҚ KZPF00000124 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIhm) пайлары;

2) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-валюталық" ИИПҚ - KZPF00000058 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайлары;

3) ETF IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF (қордың таратылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды).

2026 жылдың қыркүйек айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

2026 жылғы тамыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-08-28]