KZ
RU
EN
31 тамыз 2026, 07:38
KZ
RU
EN
Кіру
28.08.2026 15:30 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 3,5 млрд Қытай юані сомасына облигациялар шығарылғаны туралы хабарлайды

/KASE, 28.08.26/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Биыл 26 тамызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) жалпы көлемі 3,5 млрд қытай юанімен номинацияланған (Dim Sum) еурооблигациялар шығарылымына өтінімдер кітабын жапты.

Бұл шығарылым ҚМГ-ға еурооблигация нарығында компания тарихында алғаш рет қаржыны ең төменгі құнмен тартуға мүмкіндік берді. Қаражат ҚМГ- ның ауқымды инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру үшін жұмсалатын болады.

ҚМГ көлемі 1,5 млрд қытай юані және жылдық 2,3% купондық мөлшерлемесімен бес жылдық облигацияларды (кірістілігі 2,45%), сондай-ақ көлемі 2 млрд қытай юані және жылдық 2,8% купондық мөлшерлемесімен он жылдық облигацияларды (кірістілігі 2,98%) орналастырады.

Moody’s агенттігі аталмыш облигацияларға Baa1 кредит рейтингін берді, бұл ҚМГның рейтингіне сәйкес келеді. Облигацияларды орналастыру 2026 жылғы 2 қыркүйекке жоспарланып отыр.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-08-28]