31 тамыздан бастап "ПОЗИТИВ-А" АҚ KZ1C00001577 (PZVA) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 28.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингтік комиссиясының 2026 жылдың 27 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "ПОЗИТИВ- А" АҚ KZ1C00001577 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"секторы, PZVA) жай акциялары алынып тасталды.
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE қорытындысында аталған акцияларды делистингтеу үшін, оның ішінде "ПОЗИТИВ-А" АҚ-ның KASE "Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері" атты ішкі құжатында белгіленген ақпаратты ашу жөніндегі талаптарды сақтамауы негіз болып табылатыны атап өтілді.
Аталған акциялар 2018 жылдың 26 қазанынан бастап баламалы алаңның "акциялар" секторындағы KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда- саттық 2018 жылдың 19 желтоқсанынан бастап ашылды.
[2026-08-28]