АНОНС: 02 ҚЫРКҮЙЕКТЕ KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 27.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 02 қыркүйегінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу аясында компанияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік және қаржылық нәтижелеріне шолу ұсынылады.
Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00-де.
Іс-шара спикері – Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, "ҚазТрансОйл"АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-08-27]