KZ
RU
EN
26 тамыз 2026, 19:09
KZ
RU
EN
Кіру
25.08.2026 15:19 #Сауда-саттық ақпараты

25 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 тамызда болатын МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 25.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 27 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 55 463 567 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 100,3884 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 100,3831 % құрады (кірістілік – жылдық 14,00 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 тамызда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,4 жыл МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды ссылке толығырақ

[2026-08-25]