KZ
RU
EN
26 тамыз 2026, 08:20
KZ
RU
EN
Кіру
25.08.2026 15:08 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 тамызда болатын, өтеуге дейін мерзімі 3,7 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000020 (MTC048_0002) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 25.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық Tonia Compounded Index индексіне индекстелген (TONIA TCI) міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ. уақыты).

--------------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MTC048_0002
Бағалы қағаздардың түрі:                         МЕТИСКАМ
ISIN:                                            KZKF00000020
Номиналды құны, теңге:                           1 000
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:        212 041 754
Айналымның басталу күні:                         08.05.26
Айналымның соңғы күні                            07.05.30
Өтеу күні:                                       08.05.30
Айналым мерзімі:                                 4 жыл (1 460 күн)
Купондық мөлшерлеме:                             1,02 + TONIA TCI
Купонды төлеу мерзімділігі:                      жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні                      жыл сайын 08 қарашада және 08 мамырда
Уақыттық базасы:                                 actual / 365
------------------------------------------------ -------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:                    25.08.26
Өтелуіне дейінгі мерзім:                         3,7 жыл (1 352 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    15 000,0
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0
Өтінім беру тәсілі:                              жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00
Кесім уақыты:                                    17:00 дейін (Т+0)
Төлем жасалатын күн:                             27.08.26
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру            кесімдеу бағасына тең немесе
әдісі:                                           сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                                 табылатын, шектелген қарсылама
                                                 өтінімдердің бағалары бойынша
--------------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).

Толық көлемде немесе жартылай берілген өтінімдер қанағаттандырылған кезде тиісті соманы төлеу Мәмілелер жасасу ережелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс. Көрсетілген Ережелердің мәтіні мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат сілтемесі бойынша жарияланған толығырақ

[2026-08-25]