24 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
/KASE, 21.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 тамызынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 01 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation (АҚШ) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 03 қыркүйегiнен бастап қайта басталады
KASE "Сауда-саттықты өткізу қағидалары" атты ішкі құжатының 13 тарауы, 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеуге арналған тізілімді бекіту туралы ақпараттың алынуына байланысты сауда-саттық тоқтатылды.
[2026-08-21]