21 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларымен төрт шығарылыммен сауда-саттық ашылады
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 тамызынан бастап KASE-де Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
1) XS1953915136 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_02_2902; $500,0 млн; 20.02.19 – 20.02.29; жарты жылдық купон, жылдық 5,375 %; 30/360);
2) XS2263765856 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_03_3011; $555,0 млн; 25.11.20 – 25.11.30; жарты жылдық купон, жылдық 3,700 %; 30/360);
3) XS2701166717 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_04_2810; $660,0 млн; 12.10.23 – 12.10.28; жарты жылдық купон, жылдық 7,850 %; 30/360);
4) XS3008644737 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_08_3205; $500,0 млн; 25.02.25 – 25.05.32; жарты жылдық купон, жылдық 6,947 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-20]