"Қазақстан Халық Банкі" АҚ 20 тамызда өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында сырттай дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды
/KASE, 20.08.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 51 бабының 6 тармағына сәйкес "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі 2026 жылғы 20 тамызда өткен акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында (сондай-ақ бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) сырттай дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды.
...
өткен жылдардың бөлінбеген таза табысынан "Қазақстан Халық Банкі" АҚ- ның (ISIN KZ000A0LE0S4) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу:
атауы: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ;
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26M3K5, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғ., 40-үй;
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ банктік және өзге де деректемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; БСК – NBRKKZKX, корреспонденттік шот – KZ87125KZT1001300313, БСН – 940140000385, БЕК – 14;
дивидендтер төленетін кезең: 2025 жыл;
бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері: 28,09 теңге;
дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2026 жылғы 7 қыркүйек;
дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысан:
дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2026 жылғы "26" тамыз (Алматы қаласының уақыты бойынша) күнінің басындағы жағдай бойынша (00 сағат 00 минут);
дивидендтерді төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-08-20]