20 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807300105, US48667QAQ82 (KMGZe14) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 тамызынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807300105, US48667QAQ82 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"санаты, KMGZe14) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 10) тармақшасына сәйкес аталған облигацияларды алдағы уақытта кері сатып алуға байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-08-20]