20 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 тамызынан бастап Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды:
1) XS2827786455 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_06_2705; 600,0 млн евро; 29.05.24 – 29.05.27; жылдық купон, жылдық 5,375 %; actual/actual);
2) XS3008639810 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UZ_07_2902; 500,0 млн евро; 25.02.25 – 25.02.29; жылдық купон, жылдық 5,100 %; actual/actual).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-20]