KZ
RU
EN
21 тамыз 2026, 14:14
KZ
RU
EN
Кіру
20.08.2026 10:22 #Қаржы құралдары

20 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 тамызынан бастап KASE-де Азия даму банкінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

1) XS3459893312 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe25; 15,0 млрд KZT; 17.08.26 – 18.03.30; жарты жылдық купон, жылдық 14,90 %; 30/360);

2) XS3459894047 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe26; 9,0 млрд KZT; 17.08.26 – 16.05.31; жарты жылдық купон, жылдық 14,55 %; 30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-08-20]