KZ
RU
EN
21 тамыз 2026, 15:05
KZ
RU
EN
Кіру
19.08.2026 15:44 #Қаржы құралдары

19 тамыздан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00019276 (MFAFb16) және KZ2P00019284 (MFAFb17) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 19.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинглік комиссиясы 2026 жылдың 19 тамызында "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00019276 (MFAFb16; $100, $2,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 14,00 % ;30/360);

2) KZ2P00019284 (MFAFb17; 1 000 KZT, 1,5 млрд KZT; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 24,00 % ;30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 19 тамызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

KZ2P00019276 (MFAFb16) облигацияларының шығарылымы 2021 жылдың 25 тамызында 5,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.

KZ2P00019284 (MFAFb17) облигацияларының шығарылымы 2021 жылдың 18 тамызында 4,0 млрд KZT сомасына тіркелген "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-08-19]