"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады
/KASE, 18.08.26/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіште:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 13 043 мың тоннамен салыстырғанда төмендеп 12 437 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 4,0% ұлғайып, 43 280 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 10 375 мың тоннамен салыстырғанда, 10 215 мың тоннаны құрады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-08-18]