"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады
/KASE, 18.08.26/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдағы 34 "Аралық қаржылық есептілік" халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2026 жылдың* бірінші жартыжылдығындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- Түсім 4 500 млрд теңгемен (8 789 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 5 568 млрд теңгеге(11 452 млн АҚШ долл.) құрады
- EBITDA көрсеткіші 1 142 млрд теңгемен (2 230 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1 655 млрд теңгені (3 405 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 534 млрд теңгемен (1 044 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 904 млрд теңгені (1 859 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда** 2 660 млрд теңгемен (1 289 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 867 млрд теңгені (1 783 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бос ақша ағымы 682 млрд теңгемен (1 331 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 765 млрд теңгені (1 573 млн АҚШ долл.) құрады;
- 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 3 522 млрд теңге (6 967 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3 411 млрд теңгені (7 096 млн АҚШ долл.) құрады;
- 2026 жылғы 30 маусымда Компанияның таза қарызы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 375 млрд теңге (742 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 983 млрд теңгені (2 046 млн АҚШ долл.) құрады.
* Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2026 жылдың 1- жартыжылдығындағы және 2025 жылдың 1- жартыжылдығындағы орташа бағам сәйкесінше 486,20 және 512,05 теңге/АҚШ долл. құрады; кезең соңындағы бағам – 2026 жылғы 30 маусымда және 2025 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 480,72 және 505,53 теңге/АҚШ долл. құрады)..
** Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-08-18]