13 тамыздан бастап "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00019151 (MFRFb30) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 11 тамызында "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00019151 (MFRFb30; 1 000 KZT, 5,0 млрд KZT; 3 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 20 шілдесінде 30,0 млрд KZT сомасына тіркелген "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-13]