13 тамыздан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС облигацияларының төрт шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 11 тамызында "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00019003 (MFBLb11; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360);
2) KZ2P00019037 (MFBLb12; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360);
3) KZ2P00019011 (MFBLb13; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 3 жыл, тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360);
4) KZ2P00019029 (MFBLb14; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 5 жыл, тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылғы 14 Қаңтарда 10,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Birinshi Lombard" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы болып табылады.
"Birinshi Lombard" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-13]