KZ
RU
EN
12 тамыз 2026, 06:54
KZ
RU
EN
Кіру
11.08.2026 15:37 #Сауда-саттық ақпараты

11 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 тамызда болатын МЕУКАМ KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 11.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 13 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 51 130 356 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 100,4020 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 100,4116 % құрады (кірістілік – жылдық 14,00 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 тамызда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 11,8 жыл МЕУКАМ KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-08-11]