11 тамыздан бастап "QARABULAQ GOLD" ЖШС KZ2P00019078 (QGLDb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 10.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 11 тамызынан бастап "QARABULAQ GOLD" ЖШС KZ2P00019078 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, QGLDb1; $1 000, 1 15,0 млн; 05.08.26 – 05.08.28; тоқсандық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-10]