08 қыркүйекте "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
/KASE, 10.08.26/ – "Кристалл Менеджмент" АҚ (KASE тикері – CRMG) 2026 жылдың 08 қыркүйегінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2) 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қоғамның қаржылық есептілігін бекіту туралы;
3) 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қоғамның шоғарландырылған аржылық есептілігін бекіту туралы;
4) 2025 жылдың қорытындылары бойынша қоғамның таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде 2025 жылғы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
5) қоғам акционерлерінің (бар болса) қоғамның және оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағымдарын және оларды қарау қорытындыларын қарау туралы;
6) қоғамның акционерлерін қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері мен бас директорының 2025 жылғы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету;
7) қоғамның 2026 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат орналастырылған – толығырақ
[2026-08-10]