11 тамыздан бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 10.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 11 тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылатынын хабарлайды:
1) ConocoPhillips компаниясының US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 17 тамызына және одан кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. Сауда- саттық 2026 жылғы 19 тамыздан бастап қайта басталады;
2) NIKE, Inc., компаниясының US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) есеп айырысу күні 2026 жылғы 01 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге түсетін мәмілелер бойынша сауда-саттық тоқтатылады. Сауда- саттық 2026 жылғы 03 қыркүйектен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер тізілімінің тіркелгені туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-08-10]