10 тамыздан бастап KASE-де екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық уақытша тоқтатылады
/KASE, 07.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 10 тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режімдерінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US92864M8221 ETF ("KASE Global" секторы, SOLZ_KZ) Solana ETF, олар бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 19 тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер, сауда-саттық 2026 жылғы 21 тамыздан бастап қайта басталады;
2) US6745991058 жай акциялары ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp., олар бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер, сауда- саттық 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.
[2026-08-07]