"Fincraft Resources" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жыл үшін дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 07.08.26/ – "Fincraft Resources" АҚ (KASE тикері – SATC) 2026 жылғы 24 шілдеде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер, өзге шешімдермен қатар мынадай шешімдер қабылдады:
- қоғамның 2025 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2025 жылғы шоғырландырылған есептілік деректері бойынша қоғамның 547 342 мың KZT мөлшеріндегі жиынтық залалы бекітілсін;
- 2025 жылғы шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша қоғамның 503 094 мың KZT мөлшеріндегі жиынтық залалы бекітілсін;
- қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жыл үшін дивиденд есептелмесін және төленбесін.
Аталған ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша орналастырылған.
[2026-08-07]