"Эйр Астана" АҚ екінші тоқсан мен 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдың нәтижесін хабарлады
/KASE, 06.08.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) мынадай хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі – Компания, ал еншілес FlyArystan әуе компаниясымен бірге – Топ) кіріс көлемі мен әуе паркінің мөлшері бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі жетекші әуе компаниялары тобы ретінде екінші тоқсан мен 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдың нәтижелерін жариялайды.
...
Екінші тоқсанның негізгі нәтижелері
Тасымалдау сыйымдылығы мен жолаушылар ағынының жалпы тұрақты көрсеткіштері аясында кіріс өсті.
- жиынтық кіріс пен өзге де кіріс 18,3 % өсіп, 433,0 млн АҚШ долларын құрады (2025 жылғы 2-тоқсан: 365,8 млн АҚШ доллары);
- шекті орын-километрлер (ППКМ) 0,2 % қысқарып, 5,56 млрд болды (2025 жылғы 2-тоқсан: 5,57 млрд);
- орындалған жолаушы-километрлер (ВПКМ) 0,4 % қысқарып, 4,54 млрд болды (2025 жылғы 2-тоқсан: 4,56 млрд);
- тоқсан қорытындысы бойынша ППКМ-ге шаққандағы кіріс пен шығыс арасындағы айырма оң болды:
- ППКМ-ге шаққандағы кіріс 18,5 % өсіп, 7,78 АҚШ центін құрады (2025 жылғы 2-тоқсан: 6,57 АҚШ центі);
- ППКМ-ге шаққандағы шығыс 24,3 % өсіп, 7,29 АҚШ центін құрады (2025 жылғы 2-тоқсан: 5,87 АҚШ центі);
- EBITDAR көрсеткіші 3,7 % төмендеп, 93,6 млн АҚШ долларын құрады (2025 жылғы 2-тоқсан: 97,1 млн АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 4,9 пайыздық тармаққа төмендеп, 21,6 % болды (2025 жылғы 2-тоқсан: 26,5 %);
- таза пайда -0,1 млн АҚШ долларына дейін төмендеді (2025 жылғы 2- тоқсан: 18,0 млн АҚШ доллары);
- тасымалданған жолаушылар саны 1,7 % азайып, 2,45 млн адамды құрады (2025 жылғы 2-тоқсан: 2,49 млн адам), орташа жүктеме коэффициенті 81,6 % деңгейінде болды (2025 жылғы 2-тоқсан: 81,9 %).
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-08-06]