KZ
RU
EN
20 тамыз 2026, 08:01
KZ
RU
EN
Кіру
06.08.2026 10:12 #Индекстер мен индикаторлар

06 тамыздан бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-тың KZ2C00008464 (PRKRb7) және KZ2C00010023 (PRKRb9) облигацияларын KASE_BM сериялы индикаторларының өкілдік тізімінен шығарды

/KASE, 06.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 06 тамыздан бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты ("06 тамыз – өтеу кезіндегі тіркеу күні") негізгі алаңдағы корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілдік тізімнен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-тың KZ2C00008464 (PRKRb7) және KZ2C00010023 (PRKRb9) облигацияларын шығарды.

2026 жылғы 06 тамыздан бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілдік тізімі 68 атаудағы облигациялардан тұрады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялар кірістілігінің индикаторы.

KASE_BMC – есептелген, бірақ төленбеген жинақталған купондық сыйақыны есепке алмайтын бағалар ("таза" бағалар) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-08-06]