06 тамыздан бастап KASE-де Asia Minerals Resource SPC Limited Арнайы мақсаттағы компаниясының KZQ000000546 (AMRLs2) "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 06 тамыздан бастап KASE-де Asia Minerals Resource SPC Limited Арнайы мақсаттағы компаниясының KZQ000000546 "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарымен (KASE ресми тізімі, "Исламдық бағалы қағаздар" секторы, AMRLs2; 1 000 KZT; 5,0 млрд KZT; 20.03.26 – 20.03.29; тоқсан сайынғы кезеңдік төлем мөлшерлемесі, жылдық 24,00 %; 30/360) сауда- саттықтың ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген бағалы қағаздың "таза емес" бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған бағалы қағаздар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-08-05]