06 тамыздан бастап KASE-де Asia Minerals Resource SPC Limited Арнайы мақсаттағы компаниясының KZX000005764 (AMRLs1) "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 06 тамыздан бастап KASE-де Asia Minerals Resource SPC Limited Арнайы мақсаттағы компаниясының KZX000005764 "әл-Уакала" сукук исламдық бағалы қағаздарымен (KASE ресми тізімі, "Исламдық бағалы қағаздар" секторы, AMRLs1; $10; $10,0 млн; 28.11.25 – 28.11.28; тоқсан сайынғы кезеңдік төлем мөлшерлемесі, жылдық 11,00 %; 30/360) сауда-саттықтың ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген бағалы қағаздың "таза емес" бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған бағалы қағаздар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-08-05]