KZ
RU
EN
5 тамыз 2026, 21:57
KZ
RU
EN
Кіру
05.08.2026 16:20 #Қаржы құралдары

06 тамыздан бастап "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның KZ2P00019052 (TTLSb2) және KZ2P00019102 (TTLSb3) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізіледі

/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасының" (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 04 тамызда "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның (Алматы) төменде көрсетілген облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00019052 (TTLSb2; $100; $30,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360);

2) KZ2P00019102 (TTLSb3; 1 000 KZT; 15,0 млрд KZT; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2026 жылғы 06 тамыздан бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның қаржылық консультанты – "Фридом Финанс" АҚ.

KZ2P00019052 (TTLSb2) облигацияларының шығарылымы – "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның 2026 жылғы 16 шілдеде тіркелген көлемі 100,0 млн АҚШ доллары болатын бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі алғашқы шығарылым.

KZ2P00019102 (TTLSb3) облигацияларының шығарылымы – "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС-ның 2026 жылғы 16 шілдеде тіркелген көлемі 50,0 млрд KZT болатын екінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі алғашқы шығарылым.

Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-08-05]